Қазақстан мұсылмандарының Меккеге қажылығы (1940-1970 жж.)

Авторлар

  • Ғ. Алпысбаева Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0672-8292
  • К. Джумагалиева Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4758-8916
  • Р. Алимова Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Ташкент, Узбекистан https://orcid.org/0009-0009-9434-9601
        4 0

Аннотация

Мақалада тарихнамада аз зерттелген 1944-1970 жылдардағы Қазақстан мұсылмандарының Меккеге қажылығы мәселесі қарастырылады. Авторлардың алдына қойған мақсаты – мұрағаттық дереккөздерді сыни талдау негізінде қазақстандық мұсылмандардың қажылыққа бару мәселелерін зерделеу. Зерттеуде Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасының ұлттық, Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаттарының және КСРО мұсылмандарының Меккеге қажылығын ұйымдастыруы және өткізуі туралы материалдар мен дереккөздер шоғырланған отандық мұрағаттарының құжаттары пайдаланылды. Авторлар Кеңес мемлекетінің мұсылмандардың қажылыққа бару мәселесіндегі саясатын талдап, Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының мемлекеттік органдары мен діни басқармасының (Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасы – САДУМ) қажылықты ұйымдастырудағы орнын анықтауға тырысты. Зерттеушілер мұсылмандардың қасиетті жерлерге ішкі қажылық дәстүрлерімен белсенді күрес жүргізген Кеңес мемлекеті Меккеге қажылыққа баруға рұқсат беріп, қолдады және реттеді; оны КСРО-дағы діни сенім бостандығы туралы үгіт-насихат мақсатында пайдаланды деген қорытындылар жасады. Меккеге қажылықты ел басшылығы Таяу Шығыстағы мұсылман елдерімен ынтамақтастық орнату құралы ретінде қарастырады. Қажылыққа баратын кандидатуралар жөніндегі шешімді Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасы – САДУМ-ның ұсынысы бойынша билеуші партияның жоғарғы басшылығы мақұлдап отрыды. Қазақстан мұсылмандары Меккеге қажылыққа бару мәселесінде шектеліп отырды, өйткені Кеңес қажыларының саны қатаң бақылауға алынды, ал барам деген үміткерлер көп болды. Зерттеуіміздің ислам ойына концептуалды үлесі – Кеңес мемлекетінде исламның қатаң бақылау және мұсылмандар үшін ең маңызды рухани тәжірибелерді шектеу арқылы шектелгені туралы тезисті негіздеу болып табылады. Бұл зерттеудің практикалық мәні мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының тарихи тәжірибесін жинақтауда.

Түйін сөздер: қажылық, Меккеге қажылық, қазақстандық мұсылмандар, Кеңес Одағы, діни саясат

Авторлардың биографиясы

Ғ. Алпысбаева, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Алпысбаева Ғалия Айтбайқызы (корреспондент автор) – тарих ғылымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Астана, Қазақстан, е-mail: galpyspaeva@mail.ru

К. Джумагалиева , Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Джумагалиева Куляш Валитханқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Астана, Қазақстан, е-mail: Dz_kylashV@mail.ru

Р. Алимова, Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті, Ташкент, Узбекистан

Алимова Рахима Рускуловна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті «Орталық Азия халықтары тарихы» кафедрасының меңгерушісі, Ташкент, Узбекистан, е-mail:  alimovaraxima@gmail.com

Как цитировать

Алпысбаева, Г., Джумагалиева , К., & Алимова, Р. (2026). Қазақстан мұсылмандарының Меккеге қажылығы (1940-1970 жж.). ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 45(1). вилучено із https://bulletin-religious.kaznu.kz/index.php/relig/article/view/745