Діни антропология контексіндегі «кемел адам» идеясы: ислам мистицизмі мен мәдениетаралық үндестік

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254332
        5 0

Аннотация

Бұл мақалада діни антропология контексінде ислам мистицизмі аясындағы "кемел адам" (insān al-kāmil) идеясы тарихи-философиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу барысында сопылық ілімдегі рухани кемелдікке жету жолдары, оның негізгі кезеңдері мен антропологиялық мазмұны талданады. Мақаланың мақсаты – сопылықтағы кемел адам концепциясының діни мәнін, рухани тәжірибесін, сондай-ақ мәдениетаралық үндестік аясындағы орнын анықтау. Зерттеу негізгі бағыт ретінде сопылықтағы адамгершілік пен рухани кемелдік идеяларын, сондай-ақ бұл идеялардың неоплатонизм, үнді сопылығы мен басқа да діни-философиялық жүйелермен ұқсастықтарын қарастырады. Жұмыстың ғылыми маңызы – ислам діні аясындағы адам концепциясын түсіндіруде сопылықтың ерекше рөлін көрсету. Тәжірибелік мәні – сопылық рухани тәжірибесін қазіргі замандағы рухани-этикалық тәрбие мен діни білім беру үрдістерінде қолдану мүмкіндігінде. Зерттеу әдіснамасы ретінде мәтіндік және дінтанулық талдау, салыстырмалы-тарихи әдіс, герменевтикалық және мәдени-философиялық тәсілдер пайдаланылды. Жұмыста әл-Ғазали, Ибн Араби, Махмуд Шабистари секілді ойшылдардың еңбектері негізінде сопылықтағы рухани жолдың мазмұны мен құрылымы талданды. Зерттеу нәтижесі ретінде сопылықтағы кемел адам образы – Құдаймен рухани үндестікті мақсат тұтқан, өзін-өзі тәрбиелеу мен тазаруға ұмтылған тұлға ретінде сипатталды. Бұл мақала ислам дініндегі рухани-этикалық ойдың дамуына ғылыми үлес қосады және қазіргі рухани-мәдени дискурста тәжірибелік қолдану мүмкіндігіне ие.

Түйін сөздер: кемел адам, сопылық ілімі, ислам мистицизмі, діни антропология, рухани кемелдік

Авторлардың биографиясы

А. Өмірбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (Алматы, Қазақстан, e-mail: aliya.o.omirbekova@mail.ru).

Б. Мейірбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы (Алматы, Қазақстан, e-mail: Bekzhan.m@gmail.com).

М. Балтымова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Балтымова Мира Рашидқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастарылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары (Алматы, Қазақстан, e-mail: baltymova.mira@kaznu.kz).

С. Байжұма, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Байжұма Самет (корреспонент автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: samet-kz@inbox.ru).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Өмірбекова A., Мейірбаев B., Балтымова M., & Байжұма S. (2025). Діни антропология контексіндегі «кемел адам» идеясы: ислам мистицизмі мен мәдениетаралық үндестік. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 43(3), 15–22. https://doi.org/10.26577//EJRS20254332