Кеңестік Қазақстанның дін және қоғам қайраткері Дүйсенбек Қабыланбайұлының өмірі мен шығармашылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254447Аннотация
Бұл зерттеу Кеңес дәуірінде Қазақстан мен Орталық Азия аумағында діни ахуалды талдауға арналған. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде идеологиялық қысым мен атеистік саясат жағдайында діни өмірдің ерекшеліктері, ислам ғұламаларының рөлі және халық арасындағы діни тәрбиенің сақталуы зерттелді. Зерттеудің негізгі мақсаты Дүйсенбек Қабыланбайұлының діни қызметі мен ғылыми мұрасын қарастыру арқылы кеңестік кезеңдегі ислам дәстүрлерін сақтау тетіктерін, діни сана мен рухани ағартушылығын саралау. Жұмыстың ғылыми мәні зерттеудің мақсатына сәйкес – кеңестік кезеңдегі діни өмірді тарихи және әлеуметтік контекстіде талдау арқылы ислам тарихының белгілі бір аспектілерін ашу. Тәжірибелік мәні діни білім беру, рухани тәрбие беру және мәдени мұраны сақтау саласында ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Зерттеуде тарихи-ғылыми әдіс, салыстырмалы талдау, архивтік құжаттар мен қолжазбаларды зерделеу, іс-тәжірибелік бақылау сияқты әдістер қолданылды. Бұл әдістер Дүйсенбек Қабыланбайұлының қызметін толық әрі дәл сипаттауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында ислам дәстүрлерінің кеңестік қысымға қарамастан сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілгені анықталды. Дүйсенбек Қабыланбайұлының ғылыми еңбектері, діни материалдарды жинақтауы және қоғамға жеткізуі ислам қағидаттарын қоғам талабына сай бейімдеудің тиімді жолын көрсетті. Бұл жұмыс қазақ қоғамында діни сана мен рухани ағартушылықтың қалыптасуына, ислам тарихының зерттелуіне үлес қосады. Сондай-ақ, діни мұра мен дәстүрлерді тарих тұрғысынан түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері қазіргі заманғы діни білім беру жүйесінде, рухани тәрбие беру шараларында, мәдени және діни мұраны сақтау ісінде қолдануға болады. Дүйсенбек Қабыланбайұлының тәжірибесі дәстүрлі исламды қазіргі өмір жағдайына бейімдеуге үлгі болары сөзсіз.
Түйін сөздер: ағартушы, дін, дәстүр, шариғат, ислам
