Қазақстан қоғамындағы ислам бірегейлігі: тарихи сабақтастықтың мәдени- контексттері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254331
        8 0

Аннотация

Бұл мақалада қоғамдық сананың дамуын және қазақстандық қоғамның болашағының бейнесін қалыптастыруды анықтайтын элементтердің бірі ретінде ислам бірегейлігінің маңыздылығы қарастырылады. Мақаланың мақсаты – қазіргі қазақстандық қоғамда көзқарастар мен құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететін исламдық бірегейліктің аксиологиялық мазмұнын зерттеу болып табылады. Осы орайда, исламдық бірегейліктің түркілік мәдени-коммуникативтік кеңістікте қалыптасу ерекшеліктері, елдегі исламдық жаңғырудың тарихи-мәдени контексті, сондай-ақ исламдық интеллектуализм аясында дамып келе жатқан девестернизация дискурсының ерекшеліктері өзектендірілді. Қазақстан қоғамында өміршең исламдық бірегейлік моделін әзірлеудің практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерінің отандық гуманитарлық дискурстың дамуына және рухани қауіпсіздік тұжырымдамасын қалыптастыруға қосатын үлесімен түсіндіріледі. Зерттеуде жалпы философиялық әдістермен қатар, тарихи реконструкция әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде авторлар Қазақстандағы исламдық бірегейліктің тарихи және мәдени түрде шартталған синкреттік сипаты елдегі әртүрлі этноконфессиялық топтардың толерантты үндестікте өмір сүру қажеттіліктеріне жауап береді деген тұжырымға келді. Зерттеу нәтижелерінің негізгі тұжырымдарының бірі – қазақстандық исламдық бірегейлікті исламның рухани рөлін және оның саяси бейтараптығын үйлестіретін құбылыс ретінде түсіну болып табылады. Жүргізілген зерттеудің құндылығы оның нәтижелері бойынша әзірленген исламның этноконфессиялық келісімді, әлеуметтік бірлікті, қоғамның тұтастығын нығайтудағы және мәдени әралуандықты сақтаудағы рөліне қатысты бірқатар практикалық ұсынымдарда көрініс табады. Бұл ұсынымдар зерттеу жұмысының практикалық маңызын айқындайды.

Түйін сөздер: Қазақстандағы исламдық бірегейлік, исламдық жаңғыру, Қазақстандағы сопылық, болашақ қоғам бейнесі, батыссыздандыру теориясы.

Авторлардың биографиясы

Ж. Тұрғанбаева, Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан

Турганбаева Жанара Жанатовна (корреспондент-автор) – PhD, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, zhanara0890@mail.ru).

Н. Сейтахметова , Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан

Сейтахметова Наталья Львовна – философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан, email: natalieseyt@mail.ru).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Тұрғанбаева, Ж., & Сейтахметова , Н. (2025). Қазақстан қоғамындағы ислам бірегейлігі: тарихи сабақтастықтың мәдени- контексттері. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 43(3), 3–14. https://doi.org/10.26577//EJRS20254331