Орталық Азия мемлекеттеріндегі неотәңіршілдік қозғалыстары: қайта жаңғыру мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254336Аннотация
Тәңіршілдік сенімі көне түркі дүниетанымына, табиғатпен үйлесімге және ата-баба культіне негізделген діни сенім жүйесі болып табылады. Ежелгі түркі тілдес халықтардың арасында кең тараған бұл діни сенім, ислам дінінің келуімен түркі әлемінде қатты әлсіреп жойылып кеткендей болатын. Бірақ қазіргі соңғы 10-15 жылда бұрыңғы Орта Азия мемлкеттері мен кейбір постсоветтік елдердердегі түркі тілдес халықтар арасында қайта жаңғыру үстінде. Бұл феномен ғалымдардың қызығушылығын арттырған болатын. Бұл мақалада Орта Азия аймағындағы, әсіресе Қазақстан мен Қырғызстандағы неотәңіршілдік қозғалыстардың пайда болу себептері мен олардың қайта жаңғыру мәселелері қарастырылады. Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі рухани вакуум мен ұлттық болмысты қайта іздеу үрдісі жалпы қазақ қоғамында діни феноменнің жандануына түрткі болды. Қазақстан мен Қырғызстанда бұл құбылыс түрлі мәдени ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар арқылы көрініс табуда. Мақалада неотәңіршілдіктің заманауи интерпретациялары және оның Орта Азиядағы көріністері талданады. Нақтырақ айтқанда Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттеріндегі тәңіршілдік феномендері зерттеліп, салыстырылады. Неотәңіршілдік сенімі және оның таралуы туралы мәліметтерге талдау жасалынады. Зерттеуде негізінен ғылыми талдау, әдебиеттерге шолу, аналитикалық шолу сынды әдістер қолданылады.
Түйін сөздер: Орта Азия, дін, тәңір, неотәңіршілдік, қайта жаңғыру
