Появление течения хaриджитов
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2016-1-172Аңдатпа
Ислам әлеміндегі қазіргі болып жатқан қанды қақтығыстардың бүгін ғана туындап отырмағаны, Ислам әлеміндегі мұндай қақтығыстар сол ислам дінінің алғашқы ғасырының өзінде-ақ қалыптасқандығы туралы тарихи деректерді талдауға арналған бұл мақала, қазіргі күні Исламдағы өздерін «нағыз мұсылманбыз» деп жүрген радикалды ағымдардың шығу негіздеріне талдау жасайды. Ол Исламдағы алғашқы бүлікшіл деп танылған хариджиттік ағым еді. Бұл ағымның алғашқы тарих сахнасына шығу сәтінен бастап, ислам дініндегі тұрақсыздықтың пайда болуы мен шығу себептері және олардың негізгі ұстанымдары мен сенім негіздері бұл мақалада жан-жақты қарастырылады. Пайғамбар дәуірінен кейінгі Халифаттағы саяси ахуалдың тұрақсыздығы мен оның себептері, Халиф Османның өлтірілуі, оның орнына халиф тағына отырған Али ибн Абу Талибтің Османның жақтастары тарапынан қарсылыққа ұшырауы, Сыффын соғысы, осы соғыстың нәтижесіне риза болмағандар тарапынан хариджиттік ағымның қалыптастырылуы туралы оқиғаларға мақалада талдау жасалады. Хариджиттік ағымы билікке қарсы шыққан алғашқы саяси ағымдардың бірі болып есептелінеді. Олардың дүниеге келуімен Ислам әлемінде «мұсылман-кәпір» түсінігі пайда болды. Хариджиттердің осы ұстанымы қазіргі күнгі исламдық радикалды ағымдардың көпшілігінде бар және олардың негізі ұстанымдарымен хариджиттер ұстанымы арасында оншалықты алшақтық жоқ екендігін көруге болады. Сонымен бірге мақала шеңберінде хариджиттік ағымының іштей қанша топтарға бөлінгені мен олардың ұстанымдарына қысқаша талдау жасалынған.
