Укаша ата мен Қорасан ата туралы хикаяттар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v26.i2.r4

Кілт сөздер:

әулие, хикаят, мифология, киелі (сакральді), ислам

Аңдатпа

Мақалада хикаят жанрының өзіндік агиологиялық  сипаты   әулиенің киелігінің   маңызды құрамды бөлшегі ретінде   сакральдікті қалыптастыруға септесетіндігі, қаһарманды жәй адамдардың қолынан келмейтін ғажайып  тұлға етіп суреттеп,  әсерлеуге, әулиегесенімін күшейтуге бағытталғаны көрсетіледі.  Мұхаммед  Уккаша ибн Михсин ал-Асади атты сахаба болғаны, оның  соғыстарға қатысып, ерліктерімен көзге түскендігі,  632  жылы дүниеден өткендігі баяндалады. Түркістан облысындағы  киелі орын Укаша  атаға қатысты хикаяттың   өзегін құрайтын  атса оқ өтпеу, шапса қылыш өтпеу, намаз оқып жатқанда басын шабу,  кесілген бас мотивінің  Хорасан ата, Арыстан бап, Масат ата және Шақпақ атамен  басқа  әулиелерге де байланысты айтылатын  қайталанбалы, тұрақты мотивтер екендігі  дәйектеледі. Укаша  ата қару дарымайтын кейіпкерді жауларының  айла жасап, оның осал жерін әйел заты (мыстан,кейде жұбайы) арқылы қулықпен біліп алып, қастандық жасауы – фолькорда, ертегілер де таңбаланған байырғы сарын.   Тек  бұл  оқиғаға діни сипатта қайта түлеп, кейіпкерді исламды тарату жолында  шайқасушы,   жауы – дін  дұшпандары етіп бейнеленген.  Үкаша ата  таң намазға  ұйығанда ештеңеге алаңдамайтын, құлшылыққа шын берілгенде денесі босап,   төнген қауіп-қатерге де қарамайтын тақуа  ретінде cомдалады. 

Түйін сөздер: әулие, хикаят, мифология,  киелі (сакральді), ислам

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies