Рабғұзидің «Адам ата – Хауа ана» қиссасындағы теонимдердің қолданыстық ерекшеліктері
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r8Кілт сөздер:
теоним, мифоним, агионим, пайғамбарлар, әулиелерАңдатпа
Мақала ортағасырлық ғұлама Рабғұзидің «Адам ата – Хауа ана» қиссасындағы діни атаулардың прагматикалық ерекшеліктерін талдауға арналған. Шығармадағы теонимдер жұмсалымы діни, тарихи және мифологиялық сипаттағы үлгілерге негізделген. Сонымен қатар, мақалада дiни және мифтiк aнтpoпoнимдepдің тілдегі мағынасы, қазіргі кездегі қолданысы қарастырылған. Мақала авторлары діни - мифологиялық сипаттағы кейіпкерлердің қиссадағы ақпаратты жеткізуде атқаратын рөлі маңызды екенін атап өтеді және өзара жақын теоним, мифоним, агионим, әулие және т.б. терминдердің мағынасына түсінік береді. Рабғұзи діни-мистикалық мазмұндағы мүдделерін көрсету үшін теонимдер мен мифтік кейіпкерлер есімін қиссаға арқау еткен. Шығармадағы теонимдер сол кезеңдегі тілдік ұжымның тарихын, этногенезін, өмір шындығы мен тұрмыс болмысын, тәжірбиесін, салт-дәстүрін, наным-сенімін, шаруашылық мәдениеті мен дүниетанымын айғақтайды. Сондықтан кейіпкерлерді сипаттау, оқиғалар көрінісін және идеялық мазмұнын бейнелеу, теонимдердің ақпараттық негізін анықтау – автордың прагматикалық діттемін, шығарма жанрының ерекшелігі мен сипатын айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – теонимдерді рухани-моральдық құндылықтарды көрсететін күрделі менталды бірлік ретінде қарастыра отырып, мәдени-тілдік семантикасы арқылы кодқа салынған ақпаратты ашу. Қиссадағы теонимдер кешені этномәдени ақпаратқа бай мифтік-діни дүниетаныммен байланысты тілдік фактор ретінде қарастырылған. Олардың мазмұнында этномәдени сипаттың сақталуы мен жалғасуы мәдени архетиптердің тілдік бейнеде сақталған этнотаңбасы екенін көрсетеді. Зерттеу барысында жасалған діни-теориялық талдаулар нәтижесі теолингвистика саласында өзіндік қолданысын табады. Зерттеу нәтижелері этнолингвистиканың теориялық мәселелерін шешуге, принциптерін айқындауда өз деңгейінде үлес қосады.
Түйін сөздер: теоним, мифоним, агионим, пайғамбарлар, әулиелер.








