Діни сауаттылық пен діндарлық феноменінің қазіргі келбеті

Авторы

  • Nagyma Baitenova
        70 0

Аннотация

Мақалада көпұлтты және көпдінді қазақстандық қоғамда орын алып отырған діни жағдай мәселелері діни мәдениет, діни сауаттылық, діни әдеп тұрғысынан қарастырылды. Дінге байланысты туындап отырған мәселелердің негізгі бөлігі діни сауаттылықтың кешеуілдеуінен, діннің қоғамдағы негізгі функциясы мен алар орнын дұрыс түсінбеуден екендігі шындық. Мұндай кемшіліктерді жою мен алдын алу үшін қолға алынатын нақты іс-шараларды жүйелі әрі жоспарланған түрде жүзеге асыру шешуші роль атқаратыны белгілі. Ол үшін діндарлық ұғымының бір көрінісі сенім мәселесінің мән-мағынасын ашып, оның зайырлы қоғамның рухани саласындағы ролі мен орнын тап басып айқындау, сенімнің түрлерін анықтау, көпұлтты және поликонфессионалды мемлекетіміздің ерекшелігін ескере отырып діни фанатизм мен рухани жұтаңдау сынды кереғар құбылыстардың алдын алу қажет. Бұл жаһандану жағдайындағы дінге байланысты әртүрлі жағдаяттарды қалай қабылдау және шешім шығаруға, діни экспансияны болдырмауға, қоғамдық даму жолындағы оңтайлы бағытты ұстануға үлкен септігін тигізері анық.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Baitenova, N. (2017). Діни сауаттылық пен діндарлық феноменінің қазіргі келбеті. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 4(4), 44–50. извлечено от https://bulletin-religious.kaznu.kz/index.php/relig/article/view/50