Қазақстанның цифрлық кеңістігін дерадикализациялау: «тәңіршіл» интернет топтары
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r1Кілт сөздер:
онлайн Тәңірі, желідегі профилактика, радикализмнің алдын алу, тәңіршіл қауымдастықтардың профилактикасы, радикал тәңіршілдікАңдатпа
Жаңа технологиялардың дамуы күллі әлемге ауқымды өзгерістер әкелді. Цифрландырудың өндірістік үдерістермен бірге адамның күнделікті болмысына де ықпалы зор. Қазіргі заманның цифрлық ландшафты қармаған пайдаланушылар қатары да күн өткен сайын арта түсуде. Осы үдерістердің нәтижесінде адамдар әлемдік мәліметтер базасына қол жеткізіп, онлайн форматта оқуға, жер-жаһанның түкпір-түкпіріндегі адамдармен қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болды. Осылайша жаһандану шын мәнінде бүкіл адамзатты қамтыды. Алайда, оң шындықпен бірге келеңсіз фактілерді де алға тартатын орта екені де анықталып үлгерді. Интернет кеңістігі саяси, әлеуметтік, діни және т.б. сипаттағы түрлі манипуляциялардың қолайлы алаңына да айналды. Бүгінгі таңда елімізде һәм жаһанда болып жатқан оқиғалардың бәрі медиа кеңістікте көрініс тауып, әлемдік қоғамдастықтың әлеуметтік-психологиялық климатына әсер етеді. Прозелитизм, әлеуметтік желілердегі және әртүрлі медиаресурстардағы шақырулар да жаңа шындыққа айналды. Нәтижесінде, кейбір деструктив ұйымдар интернет кеңістігін қолдану арқылы қатарларын жаңа адепттермен толықтыруда. Осы орайда түрлі мақсатты топтарға арналған контенттің кең спектрі дайындалды. Осыған байланысты, мұндай тұрақсыздыққа қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігі де туындады. Көптеген ел, соның ішінде Қазақстан да заңсыз контентті бұғаттау жөніндегі жоспарларды әзірлей бастады. Интернет кеңістігінде цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл тұрғыда осы мақалада тәңіршіл қауымдастықтар мысалында Қазақстанның цифрлық кеңістігіндегі заңсыз әрекеттердің алдын алу, болдырмау және жолын кесу аспектілері қарастырылады.
Түйінді сөздер: онлайн Тәңірі, желідегі профилактика, радикализмнің алдын алу, тәңіршіл қауымдастықтардың профилактикасы, радикал тәңіршілдік.
