Абайдың отыз сегізінші қара сөзі желісінде діни сауаттылық мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r3

Кілт сөздер:

Абай, отыз сегізінші қара сөз, діни сауаттылық, Матуриди, Алланың атрибуттары

Аңдатпа

Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі бар десек, оның ішінде көлемі жағынан ең ауқымдысы отыз сегізінші қара сөзі болып табылады. Бұл қара сөздің мазмұнында арабша сөздер мен Құран аяттарын және Мұхаммед пайғамбардың хадистерін де кездестіруге болады. Абай Құнанбайұлы ақын, ойшыл әрі философ ретінде танылған. Алайда Абайдың қара сөздеріне үңілетін болсақ, оның дін мәселесінде де терең болғанын, сондай-ақ Алланың сөзі мен Пайғамбар хадистеріне өзіндік түсініктеме бергенін көреміз. Абайдың 38-қара сөзінде діни сауаттылыққа қатысты маңызды тұжырымдар көрсетілген. Бұл зерттеуде Абайдың 38-қара сөзі негізінде теологиялық, дінтанулық пайымдары сараланып, сол дәуірдегі діни сауаттылық деңгейі мен қазіргі кездегі жағдайға жан-жақты талдау жасалады.  Абай өзінің қара сөзінде адам баласының діндарлығы мен діни сауаттылық деңгейінің өлшемін ұсынады және мұны Абайдың өзіндік формуласы деуге болады. Абай өзі өмір сүрген кезеңнің діни тұрғыдағы олқылықтарына көрсете отырып, діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталады. Мұны Абай ханафи-матуридилік дәстүрге сай екі тәсілде, нақли әрі ғақли жолдармен түсіндіруге талпынған. Зерттеуде басты қайнар көз ретінде Абайдың 38-қара сөзі негізге алынды.

Түйін сөздер: Абай, отыз сегізінші қара сөз, діни сауаттылық, Матуриди, Алланың атрибуттары.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies