Алтын  Орда  мемлекетіне  ислам  дінінің  келуі: дінтанулық  тұрғыдан  талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS47320262

Аңдатпа

Түркітілдес халықтардың исламдану үдерісін тарихи тұрғыдан зерделеу қазіргі гууманитарлық ғылымдағы өзекті бағыттардың бңрң болып табылады. Оның маңыздылығы ислам әлеміндегі діни үдерістердің қазіргі кезеңдегі қайта жандануымен және мұсылмандық ренессанс құбылысының кең таралуымен де сабақтас. Сонымен бірге Қазақстан қоғамында исламның рухани-мәдени және әлеуметтік қызметінің күшеюі түркі халықтарының исламды қабылдау тарихын жаңа деректер мен заманауи ғылми әдістер негізінде қайта қарастыру қажеттілігін айқындайды. Қазіргі қазақ қоғамындағы исламның қалыптасу негіздерін түсіндіруде осы аймақта өмір сүрген мемлекеттердің де әсерін атап өту маңызды. Зерттеудің мақсаты – Ислам дінімен байланысты алғашқы мемлекеттердің бірі болған Алтын Орда кезеңінде қалыптасқан діни түсініктер мен наным-сенімдердің қазіргі Қазақстан аумағында орныққан исламдық дүниетаныммен тарихи-мәдени және рухани сабақтастығын айқындау. Зерттеу барысында тарих, дінтану, саясаттану және әлеуметтік ғылымдардың әдістерін ұштастыратын пәнаралық тәсіл қолданылды. Деректік негізді ортағасырлқ араб, парсы, қытай және мысыр жазба деректерімен қатар, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері құрады. Зерттеу барысында анықталған ерекшеліктер қазіргі қазақ даласында қалыптасқан ислам дәстүрлерімен салыстырылып, олардың арасындағы тарихи және дүниетанымдық байланыстар қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде, Алтын Орда кезеңіндегі исламдану тәжірибесі қазіргі Қазақстандағы исламның тарихи негіздері мен мәдени ерекшеліктерін түсіндіретін маңызды факторлардың бңрң ретінде бағаланады.

Түйін сөздер: дін, ислам, Алтын Орда, дінтану, мұсылмандық ренессанс

Автор өмірбаяндары

  • А. Ағабаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Ағабаев Әлихан Талғатұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, email: agabayev.alikhan@mail.ru

  • М. Балтымова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Балтымова Мира Рашидовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану кафедрасы дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры м.а., Алматы, Қазақстан, email: mbr76@mail.ru

  • С. Байжұма, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Байжұма Самет (корреспондент автор) – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, email: samet-kz@inbox.ru

  • А. Ташағыл, Едитепе университеті, Стамбул, Түркия

    Ташагил Ахмет – PhD, профессор, Едитепе университеті тарих кафедрасының меңгерушісі, Стамбул, Түркия, e-mail: atasagil@hotmail.com

Жарияланды

2026-09-20