Reconstruction (Tajdid) processes in Islam

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r2
        94 0

Keywords:

Ислам, таждид, реконструкция, современные исламские мыслители

Abstract

Аннотация

Мақалада Исламдағы ыслахат (жақсарту, түзеу), тәждид (жаңарту) мәселелерінің соңғы 2-3 ғасырда күн тәртібіне шығу себептері мен оны жүзеге асыруды ұсынған ғалымдардың көзқарас айырмашылығы талданады. VII ғасырда тарих сахнасына көтерілген Ислам өркениеті орта ғасырларда шарықтау шегіне жетіп, ғылым мен білімді, өнер мен мәдениетті мейлінше дамытқаны белгілі. Сол арқылы адамзаттың даму тарихында өзіндік орынға ие болды. Алайда XVIII ғасырдан бастап мұсылман әлемінде тоқырау белгілері байқалды. Ислам әлемі модерн дәуірде батыстың отарлау әрекетімен, әскери үстедігімен бетпе-бет келіп, барлық салада кері кету процесі басталды. Модерн дәуірде Ислам әлеміндегі ғалымдар осы тоқыраудың себеп-салдарын саралап, діни-философиялық ізденістерге жол ашты. Ислам танымын жаңа заманға сай қайта қалыптауды қолға алған қазіргі мұсылман ғалымдарының тәждид ұғымына қандай мағына жүктеп, қалай түсіндіргені және оны жүзеге асыру идеясындағы методологиялық айырмашылықтары жан-жақты талданады. Сонымен қатар, тәждид пен реформа арасындағы айырмашылық және реконструкция ұғымдарының мәні ашылып, тәждидтің теологиялық негіздемесі айқындалады.

Кілт сөздер: Ислам, тәждид, реконструкция, қазіргі Ислам ойшылдары.

Additional Files

How to Cite

Seitahmetova, N., & Kaldybekov, N. (2022). Reconstruction (Tajdid) processes in Islam. Eurasian Journal of Religious Studies, 30(2), 14–22. https://doi.org/10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r2