Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары

Авторлар

  • Карлыгаш Борбасова Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Жанар Мустафина Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2018-1-140
        154 0

Аннотация

Мақалада қазақ халқында сақталып, қолданыста жүрген бірқатар ырым-тыйымдардың діни-философиялық астарлары қарастырылады. Қазіргі жаһандану жағдайында болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын ырым-тыйымдар жүйесін қайта жаңғыртып, қолданыс аясын кеңейту өзекті. «Ырым» және «тыйым» сөздерінің мағынасы, арақатынасы түсіндіріліп, мәселенің зерттелуіне тарихнамалық шолу жасалады.

Ырым-тыйымдардың діни, мифологиялық астарлары айқындалады, шығу тарихы, мәні мен мазмұны талданады. Авторлар қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқандығын атап өтеді. Ертеде осындай ырым-тыйымдардың өміршең болып, ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып жетуі аңыз-әпсаналармен, мифтік таныммен байланып отырған. Қазіргі таңда ырым-тыйымдардың бірқатар өзгерістерге ұшырап, қолданыс аясының тарылғандығы туралы байлам жасалған.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Борбасова, К., & Мустафина, Ж. (2018). Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 13(1), 9–16. https://doi.org/10.26577/ejrs-2018-1-140