Имам әз-Зәһәбидің «Мәнәқибу Әби Ханифа» еңбегіне талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r5Аннотация
Мақалада белгілі хадистанушы, тарихшы, әрі көптеген биографиялық, тарихи танымал еңбектердің авторы, Шамсуддин Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Ахмад әз-Зәһәбидің қаламынан жарық көрген «Мәнәқибу Әби Ханифа уә сахибәйһи Әби Юсуф уә Мухаммад ибн әл-Хасан» атты еңбегі жайлы мағұлматтар беріліп, кітаптың мазмұны мен арасындағы негізгі тақырыптары қысқаша талданады. Әбу Ханифаға қатысты шағын биографиялық мәліметтер, оны «табиғин» санатына жатқызу мәселесі және оның сыртқы бейнесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы мен қоғамдағы адамдармен мәмілесі турасында айтылған сенімді деректер жинақталып қарастырылады. Сондай ақ, мақалада Имам Ағзам Әбу Ханифаның бойынан имандылық, адамгершілік, тақуалық, кішіпейілділік, аманатшылдық, туралық, көркем мінезділік, жомарттық сынды жалпы нағыз мұсылманға тән болған асыл қасиеттер және де ислам ғұламаларының бойынан табылуы қажет болған асқан даналық пен зеректік, ыждахаттылық, артық сөзден аулақ болу, терең ой, ғылымға деген ерекше құрмет пен махаббат, құлшыныс пен ынта сияқты сипаттардың көрініс беруі әртүрлі деректер арқылы жеткен оқиғалар мен ғалымдардың сөздеріне негізделе отыра баяндалады. Имам Әбу Ханифамен замандас болған немесе кейінгі уақыттарда өмір сүрген беделді имамдардың оған қатысты көзқарастары назарға алынады.