Әл-Фараби космологиясындағы ай үсті әлемi

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r8
        169 0

Аннотация

Бұл мақалада әл-Фарабидің космологиялық жүйесіне жалпы талдау берілген. Мақалада әлФарабидің космологиялық жүйесіне өзіндік әдіснамалық көзқарасын сипаттау мақсаты қойылды. Әл-Фарабидің космологиясы – оның философиясының маңызды бөлігі болып табылады. Өзінің космологиялық жүйесінде әл-Фараби Аристотельдің және Птолемейдің түсіндірулеріне сүйенеді. Алайда, ол неоплатониктер ілімдеріне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты әлФараби перипатетиктер мен неоплатонистердің көзқарастарын біртұтас космологиялық жүйеге біріктірген жан-жақты ғалым болды. Ол сондай-ақ аспан әлеміне интеллект туралы ілім қосу арқылы олардың космологиясын дамытты. Космологиялық жүйенің құрылымы туралы айта кететін болсақ, әл-Фараби әр бастапқы элементтің өзіндік орны бар екенін айтады. Әлемнің орталығында біздің планетамызды құрайтын Жердің элементі орналасқан. Жер – ғаламның орталығы, ол сфералық пішінді және қозғалмайды. Әлемдегі Жердің орталық және тұрақты орналасу принципі аристотелизмде маңызды орнын алып, көптеген ғасырлар бойы астрономияда геоцентрлік жүйенің үстемдігін айқындады. Айдың үстінде – бұл ай әлемінен түбегейлі ерекшеленетін құдай әлемі орналасқан. Бұл әлемде барлық денелер эфирден қалыптасқан. Эфир өзгермейді, ол басқа элементтерге айналмайды.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Meirbayev, B., Tuleubekov А., & Doskozhanova, A. (2020). Әл-Фараби космологиясындағы ай үсті әлемi. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 21(1), 51–57. https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v21.i1.r8