Ұлы ұстаз Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың тағылымын ғылыми- педагогикалық бағытта зерттеудің маңыздылығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r5Аннотация
Елімізде білім мен тәрбие беру барысында жастарға ең жоғарғы деңгейдегі заманауи білім береміз. Халықтың рухани тірегі дін. Сондықтан да, дәстүрлі дін мәселелеріне байланысты объективті көзқарас керек. Діни көзқарастарды дұрыс қалыптастырып, дінтану бағытында жүйелі әрі сапалы білім беру, еліміздің ішкі тұрақтылығына пайдасын тигізеді, қоғамның дамуын жеделтеді. Мемлекетімізде ел азаматтарының ұлтына, жынысына, жасына қарамай, бәріде бірдей білім алады. Бізге жоғары сападағы ғылымға негізделген оқулықтар керек. Ислам дінінің киелі кітабы- Құран Кәрім. Қәсиетті Құран Кәрім кітапты, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың хадистері мен сүннеттерін ғылыми педагогикалық бағытта, дұрыс талдау маңызды.Ұлы ұстаз Хәзірет Мұхаммедтің (с.а.у.) ілімі, өнегелі өмірі, тағылымы-- рухани және заманауи білім алуда, ұлттық тәрбиені қалыптастыруда таусылмайтын қазына мен мектеп деп есептеймін. Сондықтан да, ұлы ұстаз Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың ілімін ғылыми- педагогикалық бағытта зерттеп, жастардың рухани білімінің дұрыс қалыптасуына пайдаланған дұрыс. Ұлтымыздың рухани тірегі- ислам діні болғандықтан имандылық, құлшылық ұғымдарының пайдасын ғылыми зерттеп, білім-ғылым салаларымен ұштастырғанымыз тиімді. Жастардың дәстүрлі дінді дұрыс түсінуі үшін, исламдық дүниетанымға ғылыми- педагогикалық тұрғыдан түсініктеме, бағдарлама жасап, жаратылыстану және дінтанулық оқулықтарына толықтырулар мен қосымшалар енгізу қәжет. Мақалада Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар барлық замандағы бүкіл адамзатқа үлгі- өнеге бола алатын ұлы ұстаз және тағылымы таусылмайтын кәусар бұлақ екендігі талданады.
Библиографиялық сілтемелер
Ахмет Иылдырым. Хадис тарихы. - Анкара: Баспа № 36. 2016. 210 б.
Ахмет Иылдырым. Хадис әдістемесі. - Анкара: Баспа № 37. 2016. – 182 б.
Аль-Бухари М. Свод хадисов имама аль Бухари. Мухтасар полный вариант. Пер. с араб. В.А. Нирша. - Москва: Умма изд. 2003. 7275 хадис.
Әкімханов А. Б. Анарбаев Н. С. Құран Кәрім қазақша түсіндірмелі аударма. -Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір",2019.-624б. 9- тәубе сүресі, 128-аят, 207- бет; 96- ғалақ сүресі, 1-5 аяттар. – 598 б.
Ғылым тарихы мен философиясы: Оқулық. - Алматы: Раритет баспасы. 2008. – 362 б.
Құрманбаев Қ. Хадис ілімі. -Алматы: Нұр Мұбарак баспасы. 2010. – 299 б.
Махат А. Әл- Фиқһ. -Алматы: ЖШС "Кардинал". 2002. – 213 б.
Әділбаева Ш. Хадис- ғұрпымыз, сүннет- салтымыз. - Алматы: Ислам мәдениет мен білімді қолдау қоры баспасы. 2011. – 279 б.
Шейх Абдулфаттах Әбу Ғұдда. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы. Тәлімгер Пайғамбар Тағылымы. -Алматы: "Үммет" қоғамдық қоры. 2018. – 178 б.
Шығыс философиясы: Оқу құралы. - Алматы. Жазушы баспасы. 2009. – 479 б.
Хизметли С. Дінтану. - Алматы: ТОО "Полиграфия- сервис и К" баспасы. 2010. – 152 б.
Хизметли С. Орта Ғасырлар Тарихы және Өркениеті. - Алматы: ЖК"Сагаутдинова" баспасы. 2015. – 335 б.