Қазақстан Республикасында әскери қызметкерлердің діни сенім бостандығына байланысты құқығын жүзеге асыруы: проблемалар, перспективалар және шешімдер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v24.i4.r4Кілттік сөздер:
Қарулы Күштер, әскери жарғы, режимдік объект, діни сенім, халал, кашрут, оразаАннотация
Қазақстандағы мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы ар-ождан бостандығына, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуіне, олардың заң алдында теңдігіне кепілдік беретін зайырлы ұстанымның конституциялық қағидаттарын айқындайды. Барлық діндердің ізбасарлары мемлекет алдында тек құқықтармен ғана емес, сондай-ақ міндеттермен де тең. Отан қорғау Қазақстан Республикасы азаматының борышы мен міндеті. Біздің елдегі әскери қызмет мемлекеттік қызметкердің мансабын жасауға және әлеуметтік сатымен көтерілуге мүмкіндік беретін бірнеше трамплиндердің бірі болып табылады. Дін мен армияның өзара қарым-қатынасының тақырыбы ғаламтор мен әлеуметтік желілерде белсенді дамып келеді. Алайда, бұл өте күрделі мәселені талқылау кезінде мақаланың авторы назар аудартқысы келетін бірқатар маңызды сәттер елеусіз қалып отыр. Осы мәселе бойынша материалдарды зерделеуде бірінші нәрсе – оппоненттердің әскерде діннің пайда болуын немесе керісінше, зиянын көрсету әрекеті. Діннің әскерде болуының ықтимал салдарлары, режимдік объектілерде діни сенім үшін қажетті жағдайлар жасау кезіндегі қиындықтар пікірталастар барысында іс жүзінде қозғамайды. Мақалада әскери қызметшілердің дінге сенуі үшін қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары, әскерде діннің болуы мүмкін қайтымсыз салдары қарастырылған.
Библиографиялық сілтемелер
2. https://strategy2050.kz/ru/news/kak-razvivaetsya-armiya-kazakhstana-v-2020-godu/
3. https://iwpr.net/ru/global-voices/kazahstan-gyulchatay-otkroy-lichiko
4. IX Международная студенческая научная конференция “Студенческий научный форум – 2017” https://scienceforum.ru/2017/article/2017034745
5. Закон Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года № 561-IV «О воинской службе и статусе военнослужащих» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 06.05.2020 г.)
6. Закон Республики Казахстан от 11 октября 2011 года № 483-IV «О религиозной деятельности и религиозных объединениях» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 11.12.2016 г.)
7. https://www.aa.com.tr/ru/
8. https://www.gazeta.ru/lifestyle/style/2020/02/a_12963115.shtml
9. https://scienceforum.ru/2017/article/2017034745
10. https://ujew.com.ua/neevrei-v-cahale-raznye-religii-obshaya-prisyaga