Ислам тәжірибесінде әйел кісілердің сауаттылығы мен білім алуға ұмтылысы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r5Кілттік сөздер:
ислам, Мұхаммед пайғамбар, сауат ашу, білім беру, әйелдерАннотация
Зайырлы мемлекет бірегейлігіне ие Қазақстан Республикасындағы халықтың басым бөлігі мұсылман дінінің өкілдері екені белгілі. Елімізде дін саласында саясат жүйелі жүргізілгенімен ислами ортада дінді қате түсіну, діни сауатсыздық не әсіре діншілдік, шала сауаттылық жағдайлары кездесуде. Бұндай діни сауатсыздықтың алды алынбаған жағдайда, ол халықтың дәстүрлі дінге деген сеніміне селкеу түсіріп, ел ішінде діни мәселелер шиеленісіп, мемлекет үшін дін күрделі проблемаға айналары белгілі. Осы орайда, ислами ортадағы проблеманың бірі әйел кісінің сауаттылығы мен білім алуы мәселесі. Жалпыға ортақ зайырлы білім беру жүйесі ұл мен қыз деп ажыратпайды, дегенмен діни орталарда қыз баланы мектепке жібермеу, оның білім алуын маңызды деп есептемеу келеңсіздіктері кездеседі. Бұл қате түсінік дер кезінде түзетуді қажет етеді. Осы орайда, мақалада ислам дініндегі әйел кісілердің орны, нақтырақ айтқанда, исламның алғашқы дәуіріндегі сауат ашу мен ілім үйрену тұрғысынан нәзік жандылардың құқықтары талданады. Исламдық дереккөздер болып табылатын Құран мен хадистерде ер кісілермен қатар әйел кісілер де аталған. Ислам ілім алуды ер не әйел деп бөлместен жалпыға ортақ міндеттеген. Мұхаммед пайғамбар әйел кісілерге де арнайы көңіл бөліп, олардың сауат ашуын тіке өзі қадағалаған. Пайғамбар заманында әркез әйел кісілердің де өздерін толғандырған сауалдары туындап отырды. Осы сауалдарына жауап ала отырып, олар діни сауат ашып қана қоймай, білгендерін басқаларға жеткізуде белсенділік таныта білді. Әйел кісілердің қандай жолдармен сауат ашып, ілім үйреніп, қалыптасқаны арнайы түрде осы мақалаға өзек болуда. Тіпті ғалымдық деңгейге жеткен әйел сахабалар мен олардың ислам іліміне қосқан үлесі де мақала мазмұнында қамтылады.
Түйін сөздер: ислам, Мұхаммед пайғамбар, сауат ашу, ілім үйрену, әйелдер
Библиографиялық сілтемелер
Aхмед ибн Ханбәл (1982) әл-Mүснад. – Ыстамбұл: Аңсар баспасы. – 848.
Аман З. (2013) Асыл аналар. – Алматы: Кәусар Саяхат баспасы. – 265.
Арын Б. (2007) Діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі. https://kazislam.kz/dini-ekstremizmni-aldyn-aluda-y-ajelder-jymdaryny-roli/?ysclid=lisih21mlu373146025
Әбу Дәуіт (1981) Сүнән, I-V. – Ыстамбул: Ожак баспасы. – 2904.
Әкімханов А., Анарбаев Н. (2020) Құран кәрім: қазақша түсіндірме аудармасы. – Алматы: Көкжиек баспасы. – 666.
Әл-Бәлазури (1932) Футухул-Булдан, Каир. – 458.
Бағашаров Қ. (2013) Ислам дініндегі әйелдің орны. https://kazislam.kz/eislam-211/?ysclid=lishustt7r285550494
Болысбаева А.K. (2018) Қазақ мұсылман әйелінің әлеуметтік портреті: ретроспективасы және қазіргі ахуалы // ҚазҰУ Хабаршы. Философия, мәдениеттану және саясаттану ғылымдары сериясы. №2 (64)
Бұхари (1982) әл-Жамиус-Сахих. – Стамбул: Исам. – 528.
Гозуток Ш. (2014) Хз. Пейгамбер донеминде кадын ве егитим ве огретими. – Истанбул: Ислами илимлер дергиси йайынлары. – 602.
Заркаши (2000) әл-Ижаба. Стамбул. – 230.
Ибадуллаев С. (2007) Мүмін әйелдер. – Алматы: Ғибрат баспа үйі. – 90.
Ибн Сағыд (мерзімсіз) әт-Taбақатул-кубра. – Бейрут: Кутубул илмия баспасы. – 3832.
Ибн Хажар әл-Асқалани (2020) Фатхул бари. 15 томдық, 2 том. – Стамбул: Полана басылымдары. – 9780.
Ибн Хишам (2014) Пайғамбар тарихы. 4 томдық/2 том. – Ыстамбұл: Кахраман баспасы. – 1856.
Иманға көмекші (2023) Ислам дінінде әйел теңсіздігі бар ма? https://ummet.kz/islam-tarihy/17655-islam-dininde-ajel-tensizdigi-bar-ma.html?ysclid=lekwo7j8hk572757762
Йылмаз Мухаммед (2008) Кадын хадисчилер. – Aнкара: Араштырма баспасы. – 252.
Мүслим (1982) әл-Жамиус-Сахих. – Стамбул: Ишик баспасы.
Өмірзаққызы Д. (2004) Адамзаттың асыл тәжі. – Алматы. Алтын қалам. – 418.
Чубукчу И. (1976). Исламда кадын хаклары. – Aнкара: Анкара университеси илахият дергиси, 21 т. – 323.
References
Ahmed Bin Hanbel (1982) el-Müsned [Hadith book]. – İstanbul. (in Turkish)
Akimhanov А., Аnarbaev N. (2020) Kuran Kerim: kazaksha tusindirmeli audarma [Quran Karim: Kazakh explanatory translation]. – Аlmaty: Kokjiyek baspasi. – 666. (in Kazakh)
Aman (2013) Asyl analar [The Great Mothers]. – Almaty: Kausar Sayahat Press. – 265. (in Kazakh)
Aryn B. (2007) Dinin ekstremizmnin aldin aludagy ayelder uyimdarinin roli. https://kazislam.kz/dini-ekstremizmni-aldyn-aluda-y-ajelder-jymdaryny-roli/?ysclid=lisih21mlu373146025
Bagasharov K. (2013) Islam dinindegi ayeldin orni. https://kazislam.kz/eislam-211/?ysclid=lishustt7r285550494
Bolisbaeva A.K. (2018) Kazak musilman ayelinin aleumettik portreti: retrospektivasi jane kazirgi ahuali // KazUU Habarshi. Filosofiya, madeniyettanu jane sayasattanu gilimdari seriyasi. №2 (64).
Buhârî (1982) el-Câmi‘U's-Sahîh [Hadith book]. – İstanbul: Isam. – 528. (in Arabic)
Cubukcu I. (1976). Islamda Kadin haklari [Women's rights in Islam]. – Ankara: Ankara universitesi ilahiyat dergisi, 21 c. – 323. (in Turkish)
Ebû Dâvûd (1981) Sünen [Hadith book], I-V. – İstanbul: Ocak Yayıncılık. – 2904. (in Arabic)
El-Belâzürî (1932) Fütûhu'l-Büldân [The Book of the Conquest of Lands], 1350/1932. – Еl-Kahire. – 458. (in Arabic)
Gozutok S. (2014) Hz. Peygamber doneminde Kadin ve egitim ve ogretim [Women and education in the time of the Prophet]. – Istanbul: Islami ilimler dergisi yayinlari. – 602. (in Turkish)
Ibadullaev S. (2007) Mumin ayelder. – Almaty: Gibrat baspa uyi. – 90.
Ibn Hacer el-Eskalani (2020) Fethul bari. Vol 15/2. – Istanbul: Polen yayinlari. – 9780. (in Turkish)
Ibn Hisham (2014) Peygamber tarihi [History of Prophet]. Vol4/2. – Istanbul: Kahraman Yayinlari. – 1856. (in Turkish)
İbn Saghid (ts.) Et-Tabakâtü’l-Kübrâ [Major Classes], vol 8. – Beyrut: Dârü'l-kütübi'l-'ilmiyye. – 3832. (in Arabic)
Imanga komekshi (2023) Islam dininde aiel tengsizdigi bar ma? [Is there gender inequality in Islam?] https://ummet.kz/islam-tarihy/17655-islam-dininde-ajel-tensizdigi-bar-ma.html?ysclid=lekwo7j8hk572757762 (in Kazakh)
Muslim (1982) el-Câmi'u's-Sahîh [Hadith book]. – İstanbul: Işık Yayınları. (in Arabic)
Omirsaqqyzy D. (2004) Аdamzatin asyl taji [The Precious Crown of Mankind]. – Аlmaty: Altyn Qalam Press. – 418. (in Kazakh)
Yılmaz Muhammet (2008) Kadın Hadisçiler [Women Hadithists]. – Ankara: Araştırma Yayınları. – 252. (in Turkish)
Zarkashi (2000) Al-Ijaba [The answer]. – Istanbul. – 230. (in Arabic)