Қазақстандық қоғамдағы діндарлық феномені: зайырлы мемлекеттегі діни сұраныстар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a4
        33 0

Аннотация

Теориялық тұрғыда, зайырлы мемлекетте мемлекет діннен, дін мемлекеттен бейтарап болып есептеледі. Ата Заңымыз бойынша, Қазақстан Республикасының әр азаматына діни сенім бостандығы толыққанды берілген. Сондай-ақ, этникалық, конфессиялық, басқа да кемсітушіліктерге тыйым салынған. Аталмыш мақаланың мақсаты – Қазақстандағы дін феноменін айқындау және «зайырлы» ұғымын әртүрлі ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйене отырып кеңінен талдау болып табылады. Сонымен қатар, зайырлы мемлекеттер мен зайырлы емес мемлекеттердегі дін мәселесін жан-жақты саралап, мемлекет пен дін арасындағы байланыстың тетігін айшықтау. Зерттеу жұмысының әдіснамасы – ғылыми  мақалада  көптеген белгілі ғалымдар мен осы тақырып төңірегінде құнды зерттеулер жүргізген зерттеушілердің «зайырлылық» және «секуляризация» ұғымы туралы тұжырымдамалары мен гипотезаларын  сараптау  нәтижесінде  басты әдіс-тәсіл  ретінде  компаративистика әдісі кеңінен   қолданылады. Зерттеу барысында, «секуляризация» ұғымын жан-жақты зерттеген ғалымдардың пікірі мен зерттеу еңбектері талқыланады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дін саласындағы саясат мәселелері бойынша ұлттық диалогты нығайтуға қабілетті мемлекет екендігіміздің айқын дәлелі келтіріліп, ел азаматтарының барлық сындарлы талаптарына сай шұғыл әрі тиімді әрекет ететін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жақтаушысы болып келетіні сарапталады. Сондай-ақ, мақалада Батыс пен Шығыстың алтын көпірі болған қазақ елінің дінге деген көзқарасы зерделенеді. Нәтижесінде, салт-дәстүріне берік, ұлттық идеологияны басты орынға қойған қазақ халқы діни фанатизмнен іргесін аулақ ұстағаны, сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық тәжірибесінде отбасы құндылықтары, рухани құндылықтар, өмір сүру дағдылары да мейлінше бірлік пен тірлікке, адамгершілік пен мейірбандыққа, сыйластық пен татулыққа, ар-ождан мен намысқойлыққа негізделгені жан-жақты талданады.

Түйін сөздер: зайырлылық, секуляризация, феномен, дін, өркениет.

Авторлардың биографисы

А. Кушербаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Кушербаева Әлия Батырбекқызы (корреспондент автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: aliya_k2023@mail.ru)

М. Әлікбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әлікбаева Маржан Башанқызы  – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан,  email: montilove2013@gmail.com)

Қосымша файлдар

Как цитировать

Кушербаева, А., & Әлікбаева, М. (2024). Қазақстандық қоғамдағы діндарлық феномені: зайырлы мемлекеттегі діни сұраныстар. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 40(4). https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a4