Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ислам елдеріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың ерекшеліктері (ақпараттық-дінтану аспектілері)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r3
        87 0

Аннотация

Бұл мақалада Таяу Шығыс өңіріндегі жекелеген ислам елдерінің тәуелсіздігін алу кезеңдерімен байланысты мәселелер қарастырылады, сондай-ақ мұсылман мемлекеттерінің қалыптасуының тарихи-діни ерекшеліктерінің жекелеген аспектілері талданады. Зерттеудің тақырыбы аясында бірқатар отандық және шетелдік шығыстанушы, аймақтанушы, тарихшы ғалымдар тарихи, саяси факторларды зерттеген, осы мақалада ақпараттық-діни аспектілерді қарастыру арқылы тақырыптың діни қырларын талдау жоспарланған. Зерттеу барысында теоретикалық материалдар мен қатар, осы өңірдегі қоғам қайраткерлерінің, дінтанушы мамандардың кәсіби пікірлерін, ойларын ортаға жинақтау арқылы жан-жақты зерделеу қарастырылған. Мақаланы жазу нәтижесіндегі зерттеу Таяу шығыс елдерінің егемендікке қол жеткізу барысындағы қоғамдық, діни факторларды ескеру арқылы араб қоғамындағы діни қозғалыстар мен партиялардың (Хамас, Хезболла, Мұсылман бауырлары т.б.) мемлекеттік басқару жүйесіне қатысулары мен рөлдеріне зерттеу жүргізілген. Ислам дініндегі басты бағыттар арасындағы, сүнниттер мен шииттердің қарым-қатынастары Таяу шығыстағы діни бірегейліктің сақталмауына ықпал етуші болғаны анық, мұсылман ойшылдары мен қоғам қайраткерлері екі бағыттың ортақ диалог құру идеяларын іздегені анықталды. Бүгінгі таңда, Таяу шығыстағы жанжалдардың басты факторларына нәтижелі зерттеу жүргізу үшін мақаладағы бірқатар қорытынды мәліметтер тақырыптың өзектілігін көрсетіп отырғаны анық. Аталған өңірдегі діни ахуалды зерттеуші мамандардың жұмыстарына іс-жүзінде көмек беретін мақала тәжірибелік мәнге ие, Ливан, Иран, Сирия, Мысыр сияқты мемлекеттердің тәуелсіздік жариялаудағы діни факторлардың орны мен рөлдері туралы ақпарат қамтылған.

Түйін сөздер: таяу шығыс, ислам, партия, араб, факторлар.

Авторлардың биографисы

А. Шағырбай, Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы қ., Қазақстан

Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының жетекші ғылыми қызметкері

Б. Молдахмет, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан

Молдахмет Бидас – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы

Қосымша файлдар

Как цитировать

Шағырбай, А., & Молдахмет, Б. (2024). Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ислам елдеріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың ерекшеліктері (ақпараттық-дінтану аспектілері). ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 38(2), 30–39. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v38.i2.r3