Діни бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін психологиялық себептер: теориялық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254112
        49 0

Аннотация

Бұл зерттеуде адамның діни сенімдерін, көзқарастарын және мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологиялық себептер қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – діни бірегейліктің қалыптасуына ықпал ететін психологиялық факторларды зерттеу және олардың өзара байланысын талдау. Жұмыс діни, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан діни бірегейліктің негіздерін ашуға арналған. Психологиялық теориялар мен концепцияларды қолдану арқылы діни бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін негізгі себептер мен факторларды жүйелі түрде талдайды. Талдау нәтижелері діни бірегейліктің жеке тұлғалық дамуға, әлеуметтік өзара әрекетке қалай ықпал ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің теориялық негізі ретінде жеке тұлғаның психологиясы, даму психологиясы және әлеуметтік психологияның принциптері алынады. Діни бірегейліктің қалыптасуында адамның сенім жүйелері, эмоциялар, әлеуметтік байланыстар мен мәдени ықпалдар қарастырылады. Діни сенімдер мен құндылықтардың адамның тұлғалық дамуына, мінез-құлқына және қоғамдағы орнына қалай әсер ететіні талданады. Діни бірегейліктің психологиялық аспектілерін қарастыру барысында, адамның өмірлік тәжірибесі мен діни сенімдеріне деген көзқарасының маңыздылығы зерттеледі. Діни бірегейліктің әлеуметтік және мәдени аспектілері де талдау жасалды. Өйткені діни сенімдер адамның қоғамдағы рөліне, әлеуметтік қатынастарына және мәдени көзқарастарына елеулі ықпал етеді. Бұл зерттеу жұмысы діни бірегейліктің психологиялық тұрғыдан қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар мен себептерді түсінуге мүмкіндік беріп, діни сенімдер мен тұлғалық дамудың өзара байланысын тереңірек зерттеуге үлес қосады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері психология мен діни зерттеулер арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға, діни бірегейліктің қалыптасуына қатысты қазіргі заманғы психологиялық теориялардың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: дін, діни бірегейлік, психология, тұлға, қоғам.

Авторлардың биографиясы

A. Адайхан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Адайхан Айнұр – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: elubaeva.ainur890@mail.ru).

Қ Затов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Затов Қайрат Айтбекұлы – философия ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, e-mail: kairat_1966@list.ru).

С. Абжалов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Абжалов Сұлтанмұрат Өтешұлы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультетінің деканы (Түркістан, Қазақстан, e-mail: sultanmurat.abzhalov@ayu.edu.kz).

Как цитировать

Адайхан A., Затов, Қ., & Абжалов, С. (2025). Діни бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін психологиялық себептер: теориялық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 41(1). https://doi.org/10.26577//EJRS20254112