Дін және гендерлік мәдениет

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r9
        89 0

Аннотация

Автордың мақаладағы негізгі идеясы қазіргі технократтық, ғылыми-теориялық, сервистік бағдарланған дүниетанымды ескере отырып, мифология мен дін тарихы арқылы "адам" ұғымы контекстіндегі "ер" мен "әйел" арасындағы айырмашылықтарды анықтау болып табылады. Автордың көзқарасы бойынша жеке тұлға, ең алдымен, ер адам ретінде сипатталатыны байқалады. Гендерлік лингвистикада "адамгершілік" ұғымы жалпы ұғым ретінде сипатталады, ал нақты "ер азаматтық" пен "әйел заты" шеңберінде салыстырмалы болады. Осылайша, "адам" – символдық жүйеде ер және әйелдік принцип ретінде тілдік гендерлік көріністің бір түрі болып анықталады. Демек, осы тұрғыдан алғанда, адам туралы кез-келген ой оның өмірімен байланысты және салыстырмалы болады. Автор қоғамдағы жыныстар арасындағы қатынастардың барлық уақыттағы орны қоғамдық дамудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік идеологияға да, дінге де тәуелді болғанын атап өтеді. Мұсылман шариғаты шеңберіндегі ерлер мен әйелдердің тұлғааралық қатынастарын талдай отырып, автор мынадай қорытындыға келеді: кез-келген дінді түсіндіре отырып, дәуір мен кеңістік, діни және әдеби шығармалар сияқты факторларды догма түрінде емес, қазіргі көзқарас және танымның жаңа тәсілі ретінде қабылдануы керек екенін ескеру қажеттігі дәлелденеді.

Түйін сөздер: дін, гендер, зороастризм, иудаизм, христиан діні, догмалар.

Автордың биографиясы

Р. Мирзазаде, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, Баку қ., Әзірбайжан

Мирзазаде Рена – философия ғылымының докторы, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Философия және әлеуметтану институтының профессоры (Баку қ., Әзірбайжан, e-mail: Mirrena54@yahoo.com).

Қосымша файлдар

Как цитировать

Мирзазаде R. (2024). Дін және гендерлік мәдениет. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 37(1), 84–92. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r9

Шығарылым

Бөлім

Шетелдік басылымдар