Әбу Ханифаның саясат түсінігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254444
        15 0

Аннотация

Исламның саяси дүниетанымы қазіргі саяси динамика мен мұсылман әлемінің мәдени ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды болып табылатын бай мұраға ие. Бұл ғылыми мақалада Ханафи мәзһабының негізін қалаушы және ІХ ғасырдағы ең ықпалды ислам ғұламаларының бірі ретінде белгілі Әбу Ханифаның саясат концепциясы сарапталған. Бұл зерттеудің мақсаты – Әбу Ханифаның саяси ой-пікірлерінің негізгі бағыттары мен идеяларын терең талдау, сонымен қатар олардың қазіргі саяси тәжірибе мен ислам теологиясы контекстіндегі маңызына баға беру. Зерттеу процесінде Әбу Ханифаның өзі, оның шәкірттері мен ізбасарларының жазбалары сияқты дереккөздерді талдау мен түсіндіруді қамтитын кешенді тәсіл қолданылады. Әбу Ханифаның саяси философия мен құқық саласында әзірлеген негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларына және олардың исламдық саяси теорияның қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері исламның саяси ой-пікірін тереңірек түсінуге және оны заманауи сын-қатерлер мен үрдістер тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Әбу Ханифаның саяси көзқарастарын талдау арқылы біз мұсылман әлеміндегі заманауи саяси стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу үшін маңызды болуы мүмкін әділеттілік, ынтымақтастық және басқару сияқты негізгі қағидаларды анықтаймыз. Нәтижесінде, бұл зерттеу ислам саяси философиясы туралы біліміміз бен түсінігімізді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар мұсылман қоғамдарының дамуы мен модернизациясына мүдделі саясаткерлерге, қоғам жетекшілеріне және ғалымдарға практикалық ұсыныстар береді. Бұл зерттеу сонымен қатар исламдық саяси ойлар мен оның қазіргі әлемге ықпалы саласындағы одан әрі зерттеулерге негіз бола алады.

Түйін сөздер: Әбу Ханифа, исламдық саяси дүниетаным, Ханафи заң мектебі, саяси философия, құқық

Авторлардың биографиясы

Б. Ботақараев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы (корреспондент автор) – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: bake.kaz.tr@gmail.com

M. Жүзей, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Жүзей Мырзахмет Аманқұлұы –  PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: mirza1806@mail.ru.

Как цитировать

Ботақараев, Б., & Жүзей M. (2025). Әбу Ханифаның саясат түсінігі. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 44(4). https://doi.org/10.26577//EJRS20254444