Діни геймификация: заманауи технологиялардың дін тәжірибесіне ықпалы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS20254446
        6 0

Аннотация

XXI ғасырды технологиялар ғасыры екендігі сөзсіз. Цифрландыру өмірдің әртүрлі салаларын біртіндеп қамтып, жаңа деңгейге шығуда, ал рухани сала да бұл үдерістен тыс қалып отырған жоқ. Жаңа цифрлық шешімдер адамдардың күнделікті тәжірибесіне айтарлықтай әсер етіп, қалыптасқан әлеуметтік және мәдени өзара әрекеттесу түрлерін қайта құруда. Сол қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі геймификация саласы, әсіресе діни геймификация. Ол компьютерлік ойындардың элементтерін ойыннан тыс жағдайларда қолдануды білдіреді (мысалы, білім беру, бизнес және т.б.). Біздің зерттеуіміздің мақсаты – заманауи, цифрлық технологиялардың ықпалымен пайда болған діни геймификацияны рухани тәжірибенің жаңа формасы ретінде қарастыру. Осы ретте, зерттеу тақырыбы ретінде цифрлық технологиялар мен діннің тоғысында орналасқандықтан, авторлар бұл мәселені жан-жақты талдау үшін пәнаралық тәсілді қолданған. Мақалада ұпай жинау жүйесі, деңгейлерден өту, марапаттар алу, челлендждерге қатысу, белсенділікті белгілеу сынды ойын элементтерінің біртіндеп діни мобильді қосымшаларға, VR/AR платформаларына және әлеуметтік желілерге қалай енгізіліп жатқаны қарастырылған. Мұнда христиандық, ислам, иудаизм және жаңа діни қозғалыстар мысалында осындай механизмдердің қазіргі діни тәжірибеде қолданылу жолдары көрсетілген.

Түйін сөздер: геймификация, цифрлық технологиялар, мобильді қосымшалар, виртуалды шындық, рухани тәжірибелер

Авторлардың биографиясы

Ә. Әлімханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әлімханова Әсел Азаматқызы (корреспондент автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: asele4ekk@gmail.com

О. Кенжеев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Кенжеев Омарқожа  – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты, Алматы, Қазақстан, e-mail: kenzheomar26@gmail.com

Ж. Байғараев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Байғараев Жасұлан   – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: asele4ekk@gmail.com

К. Бингаман, Фордхэм университеті, Нью-Йорк, АҚШ

Бингаман Кирк– Фордхэм университетінің профессоры, Нью-Йорк, АҚШ, e-mail: bingaman@forham.edu

Как цитировать

Әлімханова, А., Кенжеев, О., Байғараев, Ж., & Бингаман, К. (2025). Діни геймификация: заманауи технологиялардың дін тәжірибесіне ықпалы. ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы, 44(4). https://doi.org/10.26577//EJRS20254446